«Коронавирус жәй ғана тұмау емес»: Италияда тұратын қазақстандық ол жақтағы жағдайдың қандай екенін айтты – Қазақстан жаңалықтары

0
53

Италияда тұрып жатқанына үш жыл болған жерлесіміз қазақстандықтарға үндеу тастады. Айтуынша, Италияда коронавирусқа адамдар басында мән бермеген. Соның ақыры вирустың жайылуына себепші болыпты. Сол үшін жерлесіміз қазақстандықтарға коронавирусқа бей-жай қарамауларын, оны тұмаумен салыстырмауларын сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

италия«Қазақстандағы вирус туралы челлендждерге, жаңалықтарға, карантинде жатқан қазақстандықтардың аурухананың жөндеу жұмыстарына деген шағымдарын көріп Италияда жағдайдың қандай екенін айтқым келді. Осыдан кейін сабаларына түсер. Кейбіреулер стористерінде Дубайға, Стумбулға рейстерін тоқтатып тастағанын айтып шағымдануда. Бірақ қазақстандықтарға коронавирус жәй ғана тұмау емес екенін айтқым келді», – дейді Италия еліндегі Тимур Бұғыбаев өзінің инстаграм-парақшасында.

«Біріншіден Италиядағы жағдайды айтып берейін. Барлығы қаңтар айында Италия үкіметінің Қытай рейстерін жабудан басталды. Бірақ адамдар коронавирусқа бей-жай қарап, оны қарапайым тұмау деп санады. Көпшілік ары-бері қыдырып жүре берді. Вирус бірінші Кодонье қаласынан шықты. Содан кейін-ақ, Италияның солтүстік аймақтарына жайыла бастады. Италия бірден 14 облысты қарантинге жапты. Ал солтүстіктегілер дереу оңтүстікке қарай қаша бастады. Халық Миланнан кету үшін барын салды. Тіпті пойызда орын болмаса да кетудің әртүрлі жолын қарастырды. Бір күннің ішінде Италия қаланы карантинге жауып тастады. Егер карантиннен қашсаң, онда 206 еуро айыппұл салынады және 3 ай түрмеге отырасың. Коронавирустан көз жұмғандардың санын айтпағанда, науқастарды емдейтін орындар жеткіліксіз болып жатыр», – дейді жерлесіміз.

Сондай-ақ, Италияда тұрып жатқан қазақстандық коронавирустың қауіптілігін айтты. Қалада тек дәріханалар ғана жұмыс істеп тұрғанын және барлық адам маска киіп, қолғаппен жүргенін жеткізді.

«Барлық мекеме жабық. Тек дәріхана мен супермаркет ғана ашық. Азық-түлік алу үшін бір-бірімізден ұзақ тұрамыз. Арнайы қолғап киіп, маска тағып жүрміз. Барлық мектептер мен жұмыс орындары онлайн істеп жатыр. Үйден бір жерге шығу үшін қай жерге баратынымызды ескертіп, қол қоямыз. Көшелерде патрульдік көліктер үйден шықпауымызды әр сағат сайын ескертіп айтып отырады. Жақында ғана Қытайдан Римге дәрігепрлер келіп, тонналап дәрі-дәрмектер әкелді. Барлығымыздың көңілімізді тыныштандырып қойды. Сол үшін осындай жағдайға түспес үшін үйден ешқайда шықпаңыздар. Адамдармен ұзақтан сәлемдесіңіз. Қолдарыңызды сағат сайын жуып, тазалықты қадағалаңыздар. Бәрі жақсы болатынына үміттенемін. Әлем болып бұл пандемияны жеңетінімізге сенемін», – деп жазды ол. 



stan.kz