Коронавирус вакцинасының бағасы белгілі болды

0

Ресей Федералды монополияға қарсы қызметінің басшысы Игорь Артемьев коронавирусқа қарсы ресейлік вакцинаның бір дозасының шамамен құнын жариялады.

Артемьев коронавирус вакцинаның бағасы туралы айта отырып, оның бір дозасы үшін мың рубльден (шамамен 5500 теңге) аспайтынын, ал кейінірек анықтамалық елдерден алынған бағалар туралы мәліметтер пайда болған кезде ол төмендеуі мүмкін екенін баса айтты.