Коронавирус таралауының жолдары айтылды — Қазақстан жаңалықтары

0

АҚШ-тың ұлттық денсаулық институтының жұқпалы аурулар бөлімінің жетекшісі  Энтони Фаучи коронавирустың адамнан адамға сөйлеген кезде және қалыпты тыныс алу кезінде таралатынын айтып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

әйел

Бұл туралы MedicalXpress порталында жарияланды. 

Маман негізінен ауру қоздырғышы сырқаттанған адам түшкірген не жөтелген уақытта жиі таралатынын айтады. Инфекцияның таралу қашықтығы бір метрді құрайды екен. Ал вирус қалып қойған ауамен тыныс алған адам міндетті түрде індетті жұқтырады дейді сарапшы. Сол себепті маска киіп жүрген дұрыс деп қосты Фаучи. 

Зерттеу барысында SARS-CoV-2 вирусының жабық изоляторлардың ауа қабатында үш сағатқа дейін сақталатыны анықталыпты. Алайда бұл қолдан жасалған тәжірибе екен, табиғи түрде вирустың вакуумға түсуі екіталай дейді ол. Коронавирус қоздырғышының медициналық изоляторларда сақталатыны жоққа шығарылмады. Мұны қытайлық дәрігерлер де растап отырған сыңайлы. Атап кетерлік жайт, қазіргі таңда ауада сақталған қандай мөлшері ауру тудыратын әлі айқындалмапты. 

Еске салайық, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 670-ке жетіп отыр.

stan.kz