Коронавирус тараған лайнерде қалып қойған екі қазақстандық елге оралады

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Елшілік мәліметіне сәйкес, қазақстандықтар қазір Токиодағы қонақ үйдің бірінде демалып жатыр екен

АЛМАТЫ, 21 ақпан – Sputnik. «Diamond Princess» круиздік лайнерінде болған екі қазақстандық карантиннен шығарылды. Бұл туралы Қазақстанның Жапониядағы елшілігі хабарлады.

Елшілік ақпаратына сәйкес, олар қазір Токиодағы қонақ үйдің бірінде демалып жатыр.

«Лайнерде болған біздің барлық азамат коронавирусты анықтайтын тесттен өтті. Олардың вирус жұқтырмағаны анықталды. Олар ертең елге оралады», — делінген хабарламада.

Лайнердегі коронавирус

5 ақпанда Жапония жағалауында круиздік лайнердің карантинге қойылғаны хабарланды. Себебі бір адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды.

Лайнердегі жолаушының жалпы саны – 3 700 адам. Үш күннен кейін вирус жұқтырғандар саны 70-ке жетті, ал 10 ақпанда 130 адамның ауырып қалғаны белгілі болды.

Жапонияның денсаулық сақтау министрлігі 12 ақпанда тағы да 39 адамның ауруға шалдыққанын хабарлады. Соңғы деректерге сәйкес, круиздік лайнерде 455 адам індетке шалдыққан.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус жұқтырғандар ішінде қазақстандықтардың жоқ екенін айтты. Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді лайнерде 4 азаматымыздың бар екенін хабарлады.



sputniknews.kz