«Коронавирус шаш арқылы таралады»: Мамандар WhatsApp желісіндегі хабарламаға түсініктеме берді — Қазақстан жаңалықтары

0

Санитарлық дәрігерлер коронавирустың тағы бір таралу жолын айтып, дабыл қағуда. Сөздерінше, инфекция тудырушы вирустар адамның шашында бір сағат бойы сақталып, содан кейін оның өзіне жұғуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

маска

WhatsApp мессенджері арқылы қазақстандықтар мынадай аудирохабарламаны таратып жатыр: 

«Қазір жұмыста жиналыс болды. Бәріміз басымызға орамал салуымыз қажет деп айтылды, себебі вирус шаш арқылы таралуы мүмкін екен. Қытайлық дәрігерлер келіп, «бастарыңыз неге ашық?» деп таңырқай сұрады. Қытайда тіпті, вирус жұқтырмау үшін дәрігерлер шаштарын тақырлап алып тастайды екен», — дейді бейтаныс әйел.

Бұл ақпараттты қауіпті инфекциялар мен туберкулез ауруын эпидемиологиялық бақылау бөлімінің жетекшісі Саят Қауметбаев растап отыр. Айтуынша, коронавирус расымен де шашта қалып қойып, ауру қоздырғышы болуы ғажап емес. 

«Қорғаныс маскалары, қолғап, көзілдірік киіп, тазалаушы құралдарды қолданып, қолды жиі жуып тұрудан бөлек, адам көп жиналатын жерлерде бас киім киіп, орамал салып жүруге кеңес береміз. Әсірісе, қыздардың шаштарын жайып жүруі дұрыс емес. Өйткені ондай шаштар бетке жиі тиіп жатады», — дейді маман. 

Сарапшы бұл ереже баршаға мәлім екендігін алға тартты. Коронавирустан сақтануы үшін осы талапты естен шығармаған жөн дейді ол. 

 

stan.kz