Коронавирус: сарапшылар қарт кісілердің өлуіне жол беруді ұсынды — Қазақстан жаңалықтары

0

Бір апта бұрын Италияда Covid-19 аясында 2 502 оқиға тіркелді. Ауруханалардағы дәрігерлер тыныс ала алмаған науұастарға өкпенің жасанды желдетуін жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі bbc.com сайтына сілтеме жасап.

вирус италия

11 наурызда Италияда науқастар саны 10 149-ға жетті. Жұмада 17,5 мыңнан астам адамға жетті. Қазіргі кезде тиісті көмек көрсетілетін науқастар көбейе түсті.

Дәрігерлер мен медбикелер мүлде жеткіліксіз. Өкпені жасанды тыныс алдыру құрылғылары аз.

Итальяндық анестезия, қарқынды терапия және интенсивті терапия институты (SIAARTI) шұғыл дәрігерлерге арналған ұсыныстарды жариялады.

Құжатта қазіргі жағдайды соғыспен және ірі табиғи апаттармен салыстырып көрсеткен. Яғни, ондай жағдайда дәрігерлер бірінші кезекте кімдерге көмектесуге таңдау жүргізілген.

Сарапашыларды қорытындысы бойынша дәрігер аурудан айығып кетуге мүмкіндігі бар науқастарға бірінші болып көмек көрсетуі керек. Ол жерде терапия алатындардың жас ерекшеліктеріне қарауды ұсынды.

Жасы орта жастан асып кеткен және өмір сүру қарқыны төмен кісілердің өмірі үшін күреспеуге болатыны көрсетілді. Бұл жағымсыз естілгенімен, кім бірінші келсе, – орын да соған беріледі деген қағиданы ұстануға тура келіп тұр. 

Сарапашылар сондай-ақ, дәрігерлерге науқастың жасынан бөлек, оның жағдайына қарауды ұсынды. 

Қарапайым сөзбен айтқанда, қарт адамдар мен ауруға шалдыққан науқастар тапшы ресурстарға көбірек ақша жұмсайды. Нәтижесінде олар бәрібір қайтыс болып кетіп жатыр екен. 

Бұл айтылған ұсыныстар тек коронавирусқа ғана емес, барлық жұқпалы және созылмалы ауруларға байланысты да айтылды. 
 

stan.kz