Коронавирус Ресейге дейін жетті

0
1

Забайкальеде бір адам және Түмен облысында бір адам коронавирусқа шалдыққан. Екеуі де Қытай азаматы болып шықты

НҰР-СҰЛТАН, 31 қаңтар — Sputnik. Ресейде екі адам коронавирусқа шалдықты. Екеуі де Қытай азаматы. Бұл туралы Ресейдің вице-премьері Татьяна Голикова айтты.

Ресейде коронавируспен күресудің қосымша шаралары енгізілді, деп хабарлайды РИА Новости.

Дертке шалдыққандардың біреуі Забайкальеде, екіншісі Түмен облысында. Екеуінің де денсаулығы қалыпты. Дене қызуы көтерілмеген, деп мәлімдеді Роспотребнадзор басшысы Анна Попова.

Тағы оқыңыз: «Қорқынышты»: Қазақстан студенттері Уханьда не боп жатқанын айтты – видео

Алдын ала мәліметке сәйкес, Ухань қаласында 300 ресейлік қалған. Тағы 341-і Хубэй қаласында. Ресей билігі Қытайдан оралғысы келетін азаматтарының санын нақтылап, борт әзірлейді.

Бұған дейін Ұлыбританияда коронавирус анықталғаны туралы хабарланған болатын. Екеуі де бір отбасының мүшесі. 

Бұл елдің денсаулық сақтау министрлігі вируспен күресуге дайын екенін жеткізді. Қазіргі уақытта билік дертке шалдыққандармен байланыста болғандарды анықтап жатыр.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз