Коронавирус қытайлықтардан бөлек енді басқа елдің азаматтарының өмірін жалмауда — Қазақстан жаңалықтары
Қытайдан шыққан COVID-2019 коронавирусы ендді жаппай Оңтүстік Кореяда тарала басталды. Қазірдің өзінде індеттің салдарынан 7 адам көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жергілікті биліктің мәліметінше, ауруды жұқтырғандардың саны 763-ке жетіп отыр. Оның 18-і ауруханадан шығарылса, тағы 8725 адамға сараптамасы әлі дайын емес көрінеді.
Осыхан байланысты Корея Республикасы елде дабыл қағып, төтенше жағдайды қызыл деп жариялапты.
Бұған қоса Италия, Иран және Жапониядағы жағдай мәз емес. Осымен Diamond Princess лайнерінде болған үшініші жолаушы коронавирустен опат болыпты. Ал Италияда қатерлі індеттің құрбанына екі науқас, Иранда 8 адам айналыпты.
Еске салайық, карантинге жабылған лайнерде қазақстандық азаматтар да бюолған еді. Екі әйел мен екі жеткіншек елімізге оралыпты.
stan.kz