Коронавирус Қырғызстанға жетті — Қазақстан жаңалықтары

0

Қырғызстанда коронавирус жұқтырған үш адам анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

коронавирус

Бұл туралы Қырғызстанның денсаулық сақтау министрі Космосбек Чолпонбаев мәлімдепті. 

Министрдің сөзінше, ауруды жұқтырғандар — 70, 62, 46 жастағы ер азаматтар. Дәрігерлер олардың жағдайы қанағаттандырарлық деп отыр. Бұған қоса коронавирусқа шалдыққандармен бірге бір рейспен ұщып келгендерге бақылауға алыныпты. 

«Барлығы 135 адам. Олардың 90-ны табылды. Барлығы да бақылауда. Тұрғындар бәріне түсіністікпен қарауда. Олар сараптама жасатуға да келісімдерін беріп отыр», — деді Космосбек Чолпонбаев.

Еске салайық, бұған дейін Қырғызстан шетелдік азаматтардың елген кіруіне уақытша тыйым салған еді. 

 

stan.kz