Home Жаңалықтар Коронавирус Қазақстанның барлық облысына жетті

Коронавирус Қазақстанның барлық облысына жетті

0
44

Коронавирус тіркелген Қазақстандағы соңғы өңір – Қостанай облысы болды, мұнда бір адам індетті жұқтырды

НҰР-СҰЛТАН, 3 сәуір – Sputnik. Қазақстанда тағы жеті адамнан коронавирус табылды, оның біреуі Қостанай облысында тіркелді, деп хабарлады коронавируспен күрес жөніндегі жедел штаб.

«3 сəуір сағат 18:10-дағы жағдай бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 7 адам тіркелді, олардың ішінде Шығыс Қазақстан облысы – 1, Жамбыл облысы – 2, Түркістан облысы – 3, Қостанай облысы – 1», – делінген хабарламада.

Осылайша елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 460 адамға жетті:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 199,
  • Алматы қаласы – 93,
  • Шымкент қаласы – 11,
  • Ақмола облысы – 19,
  • Ақтөбе облысы – 7,
  • Алматы облысы – 9,
  • Атырау облысы – 20,
  • Шығыс Қазақстан облысы – 4,
  • Жамбыл облысы – 8,
  • Батыс Қазақстан облысы – 2,
  • Қарағанды облысы – 22,
  • Қостанай облысы – 1,
  • Қызылорда облысы – 26,
  • Маңғыстау облысы – 1,
  • Павлодар облысы – 1,
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 18,
  • Түркістан облысы – 19.



sputniknews.kz