Коронавирус: Қазақстанда «қызыл» аймақта тұрған өңірлер бесеу болды

0
41

Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ел аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады.

2021 жылдың 31 наурызындағы жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары «қызыл» аймақта тұр.

«Сары» аймақта Алматы және Қарағанды облыстары орналасқан.

Қалған барлық өңір – «жасыл» аймақта.

Ал Қазақстан кеше әлемдік эпидемиологиялық бағалау матрицасы бойынша «қызыл» аймаққа өткен болатын.

1$, 5$, 10$ ... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету