Коронавирус пен пневмониядан 17 қазақстандық қайтыс болады
Соңғы тәулікте 17 қазақстандық коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды.
28 наурыздағы мәлімет бойынша, 23 310 адам короновирус инфекциясынан (21 007 КВИ+ және 2 303 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 7 811 пациент стационарда, 15 499 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 348 адамның жағдайы ауыр;
• 81 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 52 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек
2021 жылғы 26 наурыздағы мәлімет бойынша 94 жаңа жағдай тіркелді, 3 жағдай өліммен аяқталған, 203 адам жазылып шыққан.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап:
Науқастар саны – 50 411, өлім жағдайлары — 680, барлығы 47 428 адам сауығып шықты.