Коронавирус пандемиясы кезіндегі ең қауіпті орындар аталды — Қазақстан жаңалықтары

Дәрігер мен тележүргізуші Евгений Комаровский коронавирусты жұқтыру ықтималдығы ең жоғары орындарды атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.
Дәрігердің пікірінше, сөзсіз көшбасшы — қарқынды терапия ауруханалық палатасы. Сондай-ақ, ол қоғамдық көліктің, атап айтқанда метроның, храмдар мен адамдар көп жиналатын басқа да орындардың қауіптілігін атап өтті.
Бұған дейін Евгений Комаровский коронавирус пандемиясы кезінде қажетті дәрі-дәрмектерді атады. Сонымен қатар, ол коронавирус туралы өзге де басты сұрақтарға жауап берді.
stan.kz