Коронавирус пандемиясы: Италияда көз жұмғандардың 99 пайызының ауыр сырқаттары болған — Қазақстан жаңалықтары

0

Италия денсаулық сақтау министрлігінің зерттеуіне сәйкес, елдегі коронавирустан қайтыс болған адамдардың 99 пайыздан астамы басқа да ауыр ауруларға шалдыққан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Epicentro зерттеуіне сілтеме жасап.

вирус италия

Елімізде осы вирустан қайтыс болғандар саны үш мыңнан асқаннан кейін денсаулық сақтау органдары бұл деректерді талдады.

Зерттеу көрсеткендей, қайтыс болған науқастардың тек үшеуінде ғана коронавирустан басқа ауруы болаған. Қайтыс болғандардың жартысына жуығында (48,5 пайызы) басқа да үш ауру болған. 25,6 пайызында екі ауру бар, 25,1 пайызында бір қосымша ауру бар.

Зерттеулерге сәйкес, көбінесе қан қысымы, жүрек ауруы немесе қант диабеті бар адамдар коронавирустан қайтыс болады. Зерттеу сонымен қатар Италияда вирустың салдарынан қайтыс болған адамдардың орташа жасы 79 жарым жас екенін көрсетті. Әйелдер арасындағы өлім деңгейі еркектерге қарағанда жоғары.

Естеріңізге сала кетейік, Италия коронавирус құрбандарының саны бойынша Қытайды басып озды. Дүниежүзілік статистика мәліметі бойынша, елде 3405 өлім тіркелген. Италияда барлығы 41 035 іс тіркелген.
 

 

stan.kz