Коронавирус өршіп тұрған Өскемен жаңа жылға бюджеттен 40 млн теңге бөлген

0

2020 жылы Өскемен қаласының көшелерін мерекелік безендіруге шамамен 40 миллион теңге бөлу туралы шешім қабылданды. Ал 2019 жылы 35 миллион теңгедей болған еді.

ШҚО-да Covid-19 әлі өршіп тұр. Кеше 103 жағдай тіркелді. 16530 адамнан ковид анықталып, ҚР бойынша ауру жағдайы ең көп тіркелген облыс болып отыр.

«Бұл соманың негізгі бөлігі безендіру заттарын монтаждау және қызмет көрсету, соның ішінде биік жұмыстар мен автовокзалдарды пайдалану жұмыстарына ақы төлеуге жұмсалды», – деп түсіндірді қала әкімдігі.

Сондай-ақ, әкімдік биыл қалада жаңа жылдық демалыс алаңы сынды қосымша орындар пайда болғанын алға тартты.

«Осыны ескере отырып, қаражаттың бір бөлігі жаңа жабдық сатып алуға бағытталмақ. Жаңа түстердегі гирляндалар Республика алаңы мен Арбатта қолданылады», – деп түсіндірді әкімдік өкілдері.