Коронавирус кімдерге айтарлықтай қауіп төндіретіні айтылды — Қазақстан жаңалықтары

0

Ресейдің Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология институтының бас ғылыми қызметкері, вирусолог, медицина ғылымдарының докторы Виктор Зуев коронавирусқа төтеп бере алмайтын адамдар категориясын атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

екіқабат

Сарапшының сөзінше, коронавирус инфекциясы, әсіресе, жүкті әйелдерге айтарлықтай қауіп төндіреді екен. Оның себебі қарттар мен балаларға қажетті препарат табуға болады екен, ал босанайын деп жүрген әйелдерге тиісті ем тағайындау өте қиын. 

Ресейлік маман барша ана атанайын деп жүрген әйелдерді қорғауға шақырды.

«Жұқпалы инфекция ана құрсағында балаға да әсер етуі мүмкін, ал оның арты қиынға соғуы ғажап емес», — деді Зуев. 

Еске салайық, бұған дейін коронавирустан көз жұму қауіпін арттыратын тағы бір фактор айтылған болатын 

stan.kz