Коронавирус кезінде саяхаттауға қолайлы елдер анықталды — Қазақстан жаңалықтары
Желіде коронавирус кезінде саяхаттауға қолайлы елдердің тізімі пайда болды.
Бұл елдерде жұқтыру жағдайларының ең аз саны тіркелген. Барбадоста аурушаңдықтың төмен деңгейі тіркелген, онда 92 адам ғана COVID-19 жұқтырған. Сондай-ақ тізімге Багам аралдары (102 жұғу), Мэн аралы (336), Норманд аралдары (561), Мальта (625) және Кипр (958) кірді.
The Sun басылымының хабарлауынша, аталған елдер коронавирус аурушаңдығы өсімінің төмен көрсеткіштерін шектеу шараларын жедел енгізу және олардың сақталуын қатаң бақылау арқылы сақтап қалған.
Айта кетейік, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметтері бойынша, 8 маусымда әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 6,799 миллион адамнан асты, 397,3 мыңнан астам адам көз жұмды.
Ал өткен тәулікте 165 адам Covid-19 коронавирусын жұқтырғаны белгілі болды. Осылайша жалпы науқастар саны 12859-ға жетті, 7376 адам сауығып, 56 адам қаза тапты.
stan.kz