Коронавирус кезінде өлім қаупін 12 есе арттыратын ауру анықталды

0
40

Диабет COVID-19-бен ауыру кезінде қайтыс болу қаупін 12 есе арттыруы мүмкін.

Бұл туралы MedicalXpress АҚШ-тың ауруларды бақылау және алдын алу орталығына сілтеме жасап хабарлады.

Пандемия кезінде бірнеше ай бойы жиналған статистикаға сәйкес коронавирустың асқыну ауырлығы бойынша қант диабеті екінші орында тұр. Бірінші орында – жүрек-қан тамырлары аурулары.

Сан-Франциско қаласындағы Калифорния университетінің ғалымы Пракаш Дидванья диабет бірқатар асқынумен сипатталатынын, оның ішінде бүйрек ауруы, инсульт, миокард инфаркті және көру қабілетінің бұзылуы, иммундық жүйе тиімділігінің төмендеуі байқалатынын айтып өтті.

www.24.kz

1$, 5$, 10$ ... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету