“Коронавирус, кет”: ТЖ кезінде беташар жасаған Тараз қаласының тұрғыны ұсталды — Қазақстан жаңалықтары

0

Облыс орталығының 30 жастағы тұрғыны үй жағдайында беташар рәсімін өткізгені үшін жауапкершілікке тартылды. Ол бес тәулікке қамаққа алынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

 

Тараз қаласының полиция басқармасы қызметінің басшысы С.Мамытбековтың айтуынша, бет ашар рәсімін жасаған асабамен полиция қызметкерлері түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, төтенше жағдай кезінде мұндай шараларға жол берілмеуі керектігі туралы ескерткен.  

Жамбыл облысы полиция департаменті төтенше жағдай кезінде бекітілген нұсқауларды бұзып, тұрғындардың денсаулығына қауіп төндірген азаматтар жазаға тартылатынын ескертті.

https://www.youtube.com/watch?v=GqrRxA0dY6w

Тараз қаласы полиция басқармасының қызметкерлері төтенше жағдай кезінде жұмыс режимін бұзу деректерінің алдын алу мақсатында күн сайын ойын-сауық мекемелеріне рейд өткізеді. Елімізде режим енгізілгелі бері облыс бойынша полиция қызметкерлері ТЖ ережелерінің талаптарын бұзған кәсіпкерлерге қатысты 15 әкімшілік хаттама толтырды.

Оның ішінде сегіз адамға айыппұл салынып, екеуі ескерту алып, бес адам әкімшілік жазаға тартылды. Әрбір тәртіп бұзушыға қатысты ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің  476-бабымен әкімшілік жаза тағайындалды.

 

stan.kz