Коронавирус инфекциясынан болатын өлім-жітім деңгейі жоғары ел анықталды — Қазақстан жаңалықтары

0

Италия SARS-CoV-2 коронавирус инфекциясынан болатын өлім бойынша әлемде бірінші орында. Бұл туралы РИА Новости өзінің статистикалық жинағына сілтеме жасай отырып жазады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Италияда вирус жұқтырған әрбір 20-шы адам көз жұмуда, бұл елдегі өлім 4,96 пайызды құрады. Қытай өлім көрсеткіші бойынша екінші орында тұр — бұл жерде жұқтырғандардың 3,83 пайызы қайтыс болды. Үшінші орында Иран (2,96 пайыз) тұр.

Джонс Хопкинс университетінің жобасынан алынған соңғы мәліметтерге сәйкес әлемде коронавирустық инфекцияның 109 мыңнан астам жағдайы тіркелген, олардың 80,6 мыңнан астамы Қытайда. Бүкіл әлем бойынша 3799 адам инфекцияның құрбаны болды, 60,6 мыңнан астам адам емделді.

Италия коронавирусты жұқтырғандар саны бойынша әлемде екінші орында — 7375 адам. Оның ішінде өлімге әкелетін 366 жағдай. 622 адам емделді.
 

 

stan.kz