Коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 4 344 адамға жетті

0

Коронавирустан 1 387 адам жазылып шықты. Алматыда тағы бір науқас қайтыс болды, ел бойынша 30 адам көз жұмды

АЛМАТЫ, 6 мамыр – Sputnik. Қазақстанда тағы 43 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, деп хабарлады мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

Елімізде коронавирустан 30 адам қайтыс болды

«Алматы облысында 13, Маңғыстау облысында 5, Түркістан облысында 7, Жамбыл облысында 1, Нұр-Сұлтан қаласында  14, Қарағанды облысында 6 науқас тіркелді», — деп жазылған ақпаратта.

Осылайша Қазақстанда індет жұқтырғандар саны 4 344 адамға жетті:⠀

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 768,
  • Алматы қаласы – 1392,
  • Шымкент қаласы – 222,
  • Ақмола облысы – 101,
  • Ақтөбе облысы – 168,
  • Алматы облысы – 185,
  • Атырау облысы – 226,
  • Шығыс Қазақстан облысы – 30,
  • Жамбыл облысы – 163,
  • Батыс Қазақстан облысы – 208,
  • Қарағанды облысы – 175,
  • Қостанай облысы – 54,
  • Қызылорда облысы – 222,
  • Маңғыстау облысы – 95,
  • Павлодар облысы – 152,
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 30,
  • Түркістан облысы – 162.

Соңғы ақпаратқа сәйкес, 1 387 адам коронавирустан жазылып шықты. 6 мамырда Алматыда тағы бір науқас қайтыс болды, ел бойынша 30 адам көз жұмды.



sputniknews.kz