Коронавирус инфекциясы бойынша жағдай Үкіметтің бақылауында — Елжан Біртанов — Қазақстан жаңалықтары

0

Денсаулық сақтау министрі коронавирус инфекциясын жұқтыру көрсеткіші 3-5 пайыз деңгейінде екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Кінәлілер жазалануы тиіс»: Біртанов Атырау ауруханасында қайтыс болған 6 жасар қыз туралы

«Өкінішке қарай, коронавирус пандемиясы әлі де жалғасуда. Қазақстанда да коронавирус инфекциясының таралуы тоқтаған жоқ. Алайда, инфекцияның таралу қарқыны мен одан көз жұмғандардың санына назар аударсақ, әр елдің көрсеткіші әртүрлі. Қазіргі таңда біздің елде коронавирус жұқтырған 10 мыңнан астам тіркелді. Әйтсе де өсім қарқыны күніне 3-5 пайызды көрсетіп отыр. Көрсеткіштері жоғары аймақтар да бар. Дегенмен кейбір аймақта жағдай қалыпты», — деді Елжан Біртанов денсаулық сақтау министрлігінің Facebook парақшасында «Хабар 24» арнасы тілшісінің сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясы бойынша жағдай бақылауда.

«Кейінгі айда қарқынның 5 пайыздан аспағанын байқадық. Бұл дегеніміз коронавирус инфекциясы бойынша жағдай үкіметтің бақылауында екенін білдіреді», — деді ол.

stan.kz