Коронавирус індетінің таралу қаупі сейілген жоқ

0

Президент коронавирус індетіне қарсы күрестегі оң нәтижеге қарамастан, оның таралу қаупі сейілмегенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 18 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көпшілік жиналатын жерлерде қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.

«Коронавирус індетіне қарсы күрестегі оң нәтижеге қарамастан, оның таралу қаупі сейілген жоқ. Азаматтарды денсаулықтарына зиян келтірмеу үшін, әсіресе, көпшілік жиналатын жерлерде қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырамын. Карантин режимі жеңілдетілгенімен, әлі де сақталуда», — деп жазды ол Twitter-де.

Оқи отырыңыз: Қазақстан өңірлері вирус жұқтыру өсімі бойынша үш топқа бөлінді 

Бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі блок бекеттер әзірге алынбайтынын мәлімдеген болатын.

«Қазір қалалар арасында блок бекеттер әлі тұр, өңірлер арасында жүріп-тұруға тыйым салынған. Әзірге блок бекеттер алынбайды, себебі өңірлерде эпидемиологиялық ахуал әртүрлі», — деді тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев.

Мәселен, оның айтуынша, қазір Шымкент пен Атырау облысында вирус жұқтырғандар саны артып отыр. Егер блок бекеттер алынса, індетке шалдығу өсімі ұлғаюы мүмкін.



sputniknews.kz