Коронавирус індеті: COVID-19 жұқтырған танымал адамдар

0

Әлемді әбігерге салған коронавирус ауруына атақты адамдар да шалдығып жатыр. Оның қатарында танымал саясаткерлер, актерлер мен спортшылар да бар

Дәрігерлер көмегіне жүгінген алғашқы танымал адамдардың бірі — Голливуд актері Том Хэнкс. Ол жұбайымен бірге коронавирусты Австралияда жұқтырған көрінеді. Бүгінде актер мен оның әйелі Рита Уилсон ауруханадан шығарылды.

Жауапкершіліктің ең жарқын үлгісін Канада премьер-министрі Джастин Трюдо көрсетті. Ол әйелі Софиде коронавирус анықталғаннан кейін бірден өзі үйде оқшауланды.

11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялады. Әлемнің 150-ден астам еліндегі 160 мыңнан астам адам бұл ауруды жұқтырды. Олардың көпшілігі сауықты, алты мыңнан астамы қайтыс болды.

Қазақстанда пандемияға байланысты төтенше жағдай жарияланды. Жұмысшылардың көпшілігі қашықтан жұмыс істеу форматына көшуде. Сауда, ойын-сауық орталықтары, спорт және басқа да нысандар жабылып, барлық қоғамдық шаралар тоқтатылды.



sputniknews.kz