Коронавирус ер адамға 30 жылдан кейін отбасын есіне түсіруіне көмектесті — Қазақстан жаңалықтары

0

Амнезиямен зардап шеккен қытайлық еңбек мигранты коронавирус туралы жаңалықтарды көрген кезде 30 жыл бойы ұмытып жүрген  үйі мен отбасын еске түсірді, деп хабарлайды  Stan.kz ақпарат агенттігі.

30

1990 жылы Чжу Цзямин Қытайдың оңтүстік-батысындағы Гуйчжой провинциясынан құрылыста жұмыс істеу үшін Хубэй провинциясына кеткен.  Сол жылы ол жұмыста бас жарақатын алған және содан бері амнезиямен ауырады. Сонымен қатар, ер адам өзінің жеке куәлігін жоғалтып, ерлі-зайыптылар оған пана болғанша көшеде өмір сүрген.

Өткен өмірін еске түсіруге бірнеше рет тырысқан, бірақ одан еш нәтиже шықпады. Цзямин өзінің үйі мен отбасының қайда екенін білмеді, оған ешкім көмектесе алмады. 2015 жылы ол оны қабылдаған адамдармен бірге Чжэцзян провинциясының Юнхэ округіне көшіп келген. Көшкеннен кейін көп ұзамай ол жарақат алғанға дейін өмірінің кейбір бөлшектерін біртіндеп еске түсіре бастаған.

Ақпан айында Цзямин өзінің туған қаласында түсірілген коронавирус індеті туралы жаңалық сюжетін көргенде, кенеттен өзінің қайдан келгенін еске түсірген. Ер адам көмек сұрап полицияға жүгінген. Полицейлер оның отбасын тапты, Цзямин көп ұзамай туған-туыстарымен жолығады.

Белгілі болғандай, Цзяминнің әкесі 18 жыл бұрын қайтыс болған. Ол өзінің 83 жастағы анасына видео-байланыс арқылы қоңырау шалған.

«Сенің тірі екеніңе қуаныштымын. Мен сені енді ешқашан көрмеймін деп ойладым», — деді Чжу Цзяминнің анасы. 

Цзяминнің құжаттары жойылды, себебі ол көп жылдар бойы хабар-ошарсыз кеткендщердің тізімінде болған. Енді ол үйіне оралу үшін төлқұжатының қалпына келтірілуін күтеді.

 

stan.kz