«Коронавирус емес, жай тұмау»: Шымкенттік кәсіпкер жақындарынан ауру симптомы табылмаса да ауруханада жатқанын айтады – Қазақстан жаңалықтары

0
0

Шымкент қаласының тұрғыны, жеке кәсіпкер Ербол Әлиасқарұлы ешқандай ауру симптомдары байқалмаса да вирус жұқтырды деп күдіктелуде. Ал жақын інісі 19 мамыр күні үй-ішімен тапсырған соң, бір тәулік ішінде оларды ауруханаға алып кеткен. Айтуынша, інісінде ешқандай ауру белгілері жоқ. Сондай-ақ дәрігерлер тапсырған тесттің нәтижесін әлі көрсетпеген. Stan.kz тілшісі кәсіпкердің өзіне хабарласып, оқиғаның мән-жайын сұрап білді. 

алиаскар

«Қазір Шымкент қаласында инфекциялық ауруханада, «Атамекен» клиникасында орын жоқ деп інімді тері-венерологиялық ауруханасына жатқызған. Ешқандай ауру белгілері жоқ, ешқандай ем беріп жатқан жоқ, екінші тәулік палатада бес адам босқа жатыр. Дұрыс па осы?!» – деп күйінді Ербол Әлиасқарұлы. 

«Інімнің айтуынша, дәрігерлер ауру белгілері басталған кезде ғана емдейді. Оның шыққанын күтіп жатқанда барған жерлерінен басқа бірдеңені жұқтырмауына ешкім кепілдік бермейді.
Москвада досым бар, ол жақта вирус жұқтырды деген күдіктегі адамдар үй карантинінде жатуы тиіс, ауруханаға өзінің қалауымен барады, біздегідей міндеттемейді», – жеткізді ойын.

Ербол Әлиасқарүлы Шымкент қаласында 17-18 мамырда белгілі болған COVID-19 симптомы бар 137 адамның ішінде жақындарының болғанын айтады. Нақтырақ айтқанда 2 адамды вирус жұқтырды деп әкеткен. 

«Олармен күнделікті байланыста болғанымды еске алып учаскелік дәрігерге қоңырау шалдым. Телефонын көтермегесін Whatsapp желісіндегі номеріне осындай жағдай орын алды, енді не істеуім керек деп сұрадым. Қалай менің хабарламамды алған соң «дереу жедел жәрдем шақыртыңыз» деген жауап алдым. Біраз сөйлескеннен кейін келетін жедел жәрдем қызметкерлері «Атамекен» медициналық орталығына алып баратындарын ескертті.

Әрі-бері ойланып, ешқандай аурудың белгілері болмаса да 103-ке қоңырау шалып, жедел жәрдем экипажына үйдің адресін түсіндіріп шықтым. Араға 20 минут салып келген қызметкер (аты-жөнін сұрамадым) вирус болу ықтималдығы жоғары ортаға (үйге) кіріп, маска жоқ, медициналық қолғабы жоқ, былайша айтқанда, ешқандай қорғаныс құралынсыз температура өлшеп, қандай байланыста болғанымды сұраумен жұмысын бастады. Құжатымды тіркегеннен кейін жоғарыда айтқан «Атамекен» медициналық орталығында бір тәулік жатып, тест тапсыруым қажеттігін айтты», – деген Ербол Әлиасқарұлы «бармаймын» деп қолхат жазып берген. 

Ерболдың айтуынша коронавирус жұқтырды деп алып кеткен жақындарының тест нәтижелері бір күн ішінде шығып қойған. Бірақ тест нәтижелерін көрсетпеген. Ал кейіннен вирус жұқтырғандармен байланыста болғаны үшін өзі тапсырғанмен, тест нәтижерелі екі күн күттіріп барып шыққан. Нәтижесі оң болғанмен әлі ауруханаға жатпағанын айтты. Оның өзіндік себептері де бар. 

«Мен хабарласқан учаскелік дәрігер менің хабарламамнан кейін тікелей байланыста болған адам ретінде мені тіркеп, Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасына, санитарлық-эпидемиологиялық станциясына ескертіп, менің мәліметтерімді, мекен-жайымды беруге міндетті болатын. Неге жедел жәрдем бригадасы осындай жерге ешқандай тестсіз, дайындықсыз, қорғанышсыз келуі қажет? Вирус жұқтыру қауіпі бар жерге қорғаныссыз келген дәрігерге сеніп ауру ошағына баруға тұра ма? Өзінің өміріне немқұрайлы қарайтын адам басқаның өміріне қаншалықты жауап береді? Жарайды, аталған жерге бардым, тест тапсырып жүргенде сол жақтан жұқтырып алмауыма кім кепіл? Ондай жағдайда барған адамдардың денсаулығына кім жауап береді?  Жалпы, елімізде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандардың неге азаймай жатқанына жауапты осыдан алдым деп ойлаймын», – дейді ол.

Оны пайымдауынша, өзін тексеруге келген жедел жәрдем қызметкері вирусты әдейі жұқтыруды көздеген.

«Вирусқа қарсы емдеу және жедел жәрдем қызметкердеріне вирус жұқтырған жағдайда үкіметтен қаржы бөлінеді. Кейбіреулерге ол аз болып көрінуі де мүмкін. Кейбірі өзінің, отбасының денсаулығы маңызды дейтін мамандар да бар. Ал бізге келіп кеткен қызметкер олармен араласпайды дейсіз бе?! Немесе эпидемия  емес тұмау сияқты бірдеңе болып жатыр деп қабылдауға болады», – деп өз ойын кесіп айтты. 

 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз