Коронавирус: Алматыдағы Медеу, Көк-Төбе, Шымбұлақ жабылды — Қазақстан жаңалықтары

0

Коронавирусқа қатысты Алматыдағы Медеу, Шымбұлақ және Көк-Төбе жабылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Медеу

Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

«Елде жарияланған төтенше жағдайға байланысты 16 наурыз бен 15 сәуір аралығында Алматы әкімдігі Медеу, Шымбұлақ, Пионер, Көк-Төбе сияқты туристік нысандарды жабу туралы шешім шығарылды. Сонымен қатар, COVID-19 эпидемиологиялық ахуал тұрақтанғанша Алматыда ішкі туризм мен Алматы агломерациясы аймағында туристік қызмет атқаратын ұйымдардың жұмысы уақытша тоқтатылады», — делінген ресми хабарламада. 

Еске салайық, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 32-ге жетті. 

 

stan.kz