Коронавирус Алматыда: Екі науқастың жағдайы өте ауыр — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматыда екі науқастың жағдайы өте ауыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

аурухана

Бұл туралы Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев мәлімдеді. 

Сөзінше, қазір Алматыда төрт бала әлі ем қабылдау үстінде.  

«Қазір жұқпалы аурулар стационарларында Covid-19-дан 99 пациент, оның ішінде төрт бала емделіп жатыр. Осы уақытқа дейін коронавирус инфекциясын жұқтырудың үш жаңа жағдайы анықталды. 1975 жылы туған ер адам және 1962 және 1964 жылы туған екі әйел байланыста болып жұқтырған. Ер адамның жай-күйі орташа ауыр деп бағаланды. Оны тексеріп-қарау кезінде пневмония диагнозы қойылды. Әйелдердің жай-күйі – қанағаттанарлық, ауру ағымының жеңіл түрі анықталды. Олармен байланыста болған барлық адамдар карантингіге орналастырылған», — дейді Әбілдаев.

Алматылық науқастардың 80-інің жағдайы қанағаттандырарлық екен.  2 ересек адамның халі мүшкіл болғандықтан жасанды тыныс алу аппаратына қосылыпты. Тағы 13 азаматтың жағдайын дәрігерлер орташа деп бағалапты. 

Басқарма басшысы қалада ем қабылдап жатқандардың арасында бір облысы тұрғыны бар екендігін атап кетті. 

 

stan.kz