Коронавирус әлемдік экономикаға 1 трлн доллар шығын әкелеуі мүмкін – саясаттанушы – Қазақстан жаңалықтары

0
27

Коронавирус дүниежүзіне тарайтын болса, әлемдік экономикаға 1 трлн доллар шығын әкелеуі мүмкін. Бұл туралы “Қазақстан” телеарнасының тікелей эфирінде өткен “Ашық алаң” бағдарламасында саясаттанушы Ерлан Сайыров айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

доллар и коронавирус

“Қазір Қытаймен шекара жабылып жатыр. Жүк тасымалы тоқтады. Үкімет Иранмен, Әзербайжанмен әуе қатынасы тоқтайтынын айтты. Экономика – бұл қарым-қатынас. Сондықтан біздің елімізге де экономикалық залалы болады”, – деді Ерлан Сайыров.

Оның айтуынша, коронавирус дүниежүзіне тарайтын болса, экономикаға 1 трлн доллар шығын келтіреді.

“Қазақстан дүниежүзілік экономиканың бір бөлшегі болғандықтан, біздің елімізге де міндетті түрде әсер етеді”, – деді саясаттанушы.

Еске салайық, бұған дейін сарапшылар коронавирус әсерінен теңге бағамы құлдырауы мүмкін екенін айтқан болатын.

stan.kz