Коронавирус — 400-ге жуық адам: індет тағы жайлап бара ма?

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус індетін жұқтырған 392 науқас анықталды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Бір күн бұрын инфекция 268 адамнан, ал алдыңғы күні 148 адамнан табылған болатын.
Өңірлер бойынша мәлімет:
- Нұр-Сұлтан қаласы – 27,
- Алматы қаласы – 18,
- Шымкент қаласы – 1,
- Ақмола облысы – 20,
- Ақтөбе облысы – 12,
- Алматы облысы – 19,
- Атырау облысы – 12,
- Шығыс Қазақстан облысы – 205,
- Жамбыл облысы – 3,
- Батыс Қазақстан облысы – 8,
- Қарағанды облысы – 10,
- Қостанай облысы – 8,
- Қызылорда облысы – 3,
- Маңғыстау облысы – 1,
- Павлодар облысы – 23,
- Солтүстік Қазақстан облысы – 17,
- Түркістан облысы – 5.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 111 492.