көрермендер арасында жаппай төбелес болды – видео

Оқиға
Қысқа сілтеме алу
Полицейлер Шетпе ауылындағы ипподромда болған төбелесті тоқтата алмады. Оқиға салдарынан екі адам зардап шекті
НҰР-СҰЛТАН, 14 қазан — Sputnik. Маңғыстау облысының Шетпе ауылындағы ипподромда жаппай төбелес болды, деп хабарлайды «Ақтау-Лада» порталы.
Ат жарыстан кейін көрермендер арасында жанжал туындап, жаппай төбелес болды. Бұл сәт видеоға түсіп қалған.
Полицейлер төбелесті тоқтата алмады.
Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанда жанкүйерлер арасында төбелес болды – видео
Жиырма жастағы екі жігіт зардап шекті. Екеуіне де пышақ сұғып алған. Төбелестің нақты себебі айтылмады.
sputniknews.kz