«Көрейік, нені сылтау қылады екен?»: Ринат Зайытов сайлауға құжат тапсырғалы жатыр

0

Белгілі айтыскер ақын Ринат Зайытов әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, Мәжіліс сайлауына қатысатынын мәлімдеді.

Зайытов 2019 жылы алаңда халыққа уәде бергенін еске салып, өзін жарты жолдан тоқтатқысы келетін азаматтар бар екенін де айтты.

«Сайлаудың алғашқы былықтары басталды. Бүгін журналист Думан Мұхамедкәрімді күлкілі сылтаумен кандидаттыққа сәйкес емес деп таныды. Хош, бұған да үнсіз көндік делік. Ендігі кезекте менің құжат тапсыруым. Көрейік, нені сылтау қылады екен? Бізді қойшы. Халық не дейді? Сол жағын билік ойланды ма екен? Өзін-өзі ұсынып жатқан азаматтардың көпшілігі елдің сенім артып отырған тұлғалары. Билік оларды кеудесінен итергенімен құлата алмайды. Себебі оларды арқасынан халық демеп тұр. Ойланыңыздар! Әлі де уақыт бар. Бұйырса, ертең мен де құжат тапсырамын. Ақша ұсынып «театрға жақсылық жасаймыз» деп жолдан қайтармақ болып, ортаға адам салып жатқандарға беретін жауабым біреу: ЖОҚ! Мен Құдайдан қатты қорқамын. Халыққа 2019 жылы алаңда тұрып берген уәдем бар. Ал Халық – Құдайдың бір аты» деп жазды ақын.