Кореяға жұмыс істеуге кеткен қазақстандық азамат комаға түсіп қалды

0

42 жастағы Қазақстан азаматы Виталий Ан 2018 жылдың қазан айында Оңтүстік Кореяға табыс табуға кеткен. Зауытқа жұмысқа тұрған азамат өзін жайсыз сезініп, есінен танып қалыпты. Оған бірден жедел жәрдем шақырып, ауруханаға алып кеткен деп хабарлайды NUR.KZ.

 

Бұл туралы Виталийдің әйелі Ляззат Примухамедова мәлімдеді.

«Дәрігерлер жедел түрде тексеріс өткізіп, оның миынан үлкен ісікті анықтаған. Қазіргі таңда тек бір ғана ота жасалынды. Енді қосымша операция мен ем қажет болып отыр.

Қазір оның сомасы 21 мың долларды құрады. Мен жалғыз өзім жұмыс істеймін. Екі баламыз бар. Ата-анамыз — зейнеткерлер. Бұл қомақты қаржыны жинауға жағдайымыз жоқ» , — деді Витайлийдің әйелі.

Бүгінде ер адам комада жатыр. Ляззат барша жанашыр қазақстандықтардан көмек сұрауда.

Виталийге көмек қолын созам деушілер үшін төменде есеп шоттар келтірілген:

  • KaspiGold 5169 4931 0524 9398 (LYAZZAT PIRMUKHAMEDOVA)
  • Halyk Bank 4402 5765 0240 8219 (INNA AN, әпкесі)

Дереккөз: kaz.nur.kz