Көптен күткен алтын: Қазақстандық балуан қыз әлем чемпионы атанды

0
14603

21 жасқа дейінгі жастар арасында күрес түрлерінен Уфада өтіп жатқанда әлем чемпионатында қазақстандық балуан қыз Нилуфар Раимова алтын медаль еншіледі. Отандасымыз финалда италиялық Аврора Руссоны 8:6 есебімен жеңді.

Қыздар арасында 57 килоға дейінгі салмақта Нилуфар қарсылас шақ келтірмеді. Финалдағы белдесуінің бірінші кезеңде ұтылып шыққанмен, екінші кезеңде жеңіске бастар жолды тапты.

Жастар арасында топ жарған балуан қыз Париж бен Лос-Анджелестегі Олимпиада ойындарында да атой салады сенім білдіреміз.

Жеңісті күндерің көп болсын!