Көпшіліктің алдында тұрмысқа шығу туралы ұсыныс жасаған жігіт сүйіктісімен бірге түрмеден бір-ақ шықты (видео) — Қазақстан жаңалықтары

0

[ad_1]

Иран тұрғыны сауда орталығында сүйіктісіне ұсыныс жасап, полицияның назарына түсті. Ол осы әрекеті үшін сүйіктісімен бірге тұтқындалды.

Көпшіліктің алдында тұрмысқа шығу туралы ұсыныс жасаған жігіт сүйіктісімен бірге түрмеден бір-ақ шықты (видео)

Бұл туралы Al Bawaba басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Оқиға 8 наурызда Эрак қаласында орын алған. Желіде тараған видео кадрларында еденде раушан гүлінің күлтелері жүрек пішінінде шашылып жатқаны көрінеді. Ал ғашықтар гүл күлтелерінің ортасында тұр. Ер адам көпшіліктің алдында сүйіктісіне ұсыныс жасап, өзіне тұрмысқа шығуын сұрады. Артынша қыздың саусағына неке жүзігін тақты. Осыдан кейін ғашықтар қуанып, құшақтасқан. 

 

Алайда олардың көпшіліктің алдында сезімдерін ашық көрсетуі құқық қорғаушылардың назарын аударды. Билік мұндай әрекетті ислам заңдарына қайшы және батыстың мәдениетін насихаттайды деп тапты. Осыдан кейін полиция ғашықтарды тұтқындаған. Алайда біраз уақыттан кейін оларды кепілмен босатты. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.


 

stan.kz