Көпшілікке бояусыз түрін көрсеткен Ақбота Керімбекова желіде қызу талқыға түсті (фото) — новости Казахстана

0

Ақбота Керімбекова тыңдармандарына өзінің бояусыз бейнесін көрсетті. Instagram парақшасына макияжсыз суретін салған әнші көпшіліктің қызу талқысына түскен деп жазады NUR.KZ.

«Менің шынайы түрімді көргісі келетіндерге… Шынайы болуға қорықпаймын. Ұялмаймын! Шүкір, бар болмысым осы», — деп жазып қойды әнші.

Ал желі қолданушылары әншінің табиғи қалпының сұлу екенін жарыса жазды.

«Боянбасаңыз да әдемісіз», «Макияж жақсаңыз да аса өзгере қоймайсыз», «Әдемісіз», «Өзгеріс қатты байқалмайды».

«Қайта бояусыз жас көрінеді екенсіз», «Макияжды да қатты қолданбайсыз ғой өзіңіз» деп желідегілер өз пікірін жазды.

Айта кетейік, Ақбота Керімбекова осыдан біраз уақыт бұрын өзінің өнер жолына келіп, алғаш клип түсірген уақыттарын еске алды.

Сонымен қатар әнші ауылда қалып кеткен небір талантты жастар жайлы түсірген клипінің бар екенін де жасырмады. Ақбота Керімбекованың бұл бейнебаяны — «Жүрек сыры» деп аталады.

Естеріңізге сала кетейік, Ақбота Керімбекованың әндерін біздің «Музыка Нұр» қосымшасынан тыңдай аласыздар.



Дереккөз: kaz.nur.kz