Көпшілік біле бермейтін Ұлы Отан соғысының батырлары

0

Соғыс жылдарында ерлік құрлық пен теңізде, әуеде жасалды. Батырлардың бәрін көпшілік біле бермейді. РИА Новости олардың кейбірін еске түсіреді. 

Танкист

Гвардия капитаны Владимир Бочковский – танк шайқасының нағыз маманы. Соғыс жылдарында ол жаудың 36 танкісін жойды. Төрт рет ауыр жараланып, бес рет отқа оранса да аман қалған.

1944 жылы 21 наурызда 1-ші гвардиялық танк бригадасы батальоны командирінің орынбасары, капитан Бочковский жауынгерлерді шабуылға өзі бастап барып, Требна өзеніндегі жаудың плацдармын басып алды. Оның танктері дұшпанның 16 зеңбірегі мен төрт шабуылдау қаруын және 200-ден астам машинасын қара темірге айналдырды. Ертеңінде немістер қарсы шабуыл жасаймыз деп үш танк пен бес минометін, 50-ге жуық бронетранспортер мен бір взвод солдатын жоғалтты. Осы ерлігі үшін Владимир Бочковский батыр атағына ие болды.

1945 жылы 15 қаңтарда Висло-Одерск шабуылы кезінде Бочковскийдің танкісі немістің «жолбарыс» танктері тиелген теміржол эшелонын аударып тастады. Танкист осы ерлігі үшін екінші Алтын Жұлдызға ұсынылды. Бірақ соңында награда 3 дәрежелі Суворов орденіне ауыстырылды.

Ұшқыш

Анатолий Недбайло жауынгерлік авиациядағы ең үздік шабуылдаушы-ұшқыштардың бірі болды. Ол өзінің Ил-2 ұшағымен 220-дан астам шабуыл жасады.

Недбайло ұрыс алаңында ондаған танкті, жау тылындағы жүздеген нысанды және сансыз фашисті жойды. Миусс, Донбасс, Мелитополь, Никополь-Криворож, Қырым, Витебск-Орша, Минск, Вильнюс, Каунас, Мемель, Шығыс Пруссия, Кенигсберг және Земланд операцияларына қатысты.

Капитан 1945 жылдың сәуір-маусым айында екі рет Кеңес одағының батыры атағына ие болды. 

Оқи отырыңыз: Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен Рақымжан Қошқарбаев туралы не білеміз?

Оның Ил-2 ұшағын үш рет атып түсірді. Соның бірінде шабуылдаушы ұшағы жерге құлап, ұшқыш есін жоғалтады. Оны жаяу әскерлер тауып, шығарып алғаннан кейін бірнеше секундтан соң ұшақ отқа оранған. Недбайло қызметке бір жарым айдан кейін оралды.

Теңізші

Капитан-лейтенант Валентин Стариков Солтүстік флотта қызмет етіп, «Малютка» M-171 сүңгуір қайығын басқарды. Оның экипажы 23 жауынгерлік тапсырма орындап, жаудың 13 кемесін талқандады.

Сүңгуір қайық жаудың жақсы қорғалған теңіздегі әскери базаларына екі рет кірді. 1941 жылдың 2 қазанында М-171 жасырын жолмен Линахамари айлағына өтіп, жаудың су көлігіне торпедо жіберу арқылы екі техникасын жойды.

1942 жылдың қаңтарына дейін М-171 жаудың жеті кемесін қиратты. Ал сәуір айында кеме экипажы «гвардиялық» құрметті атағына ие болды. Командирге Кеңес одағының батыры атағы берілді.

Оқи отырыңыз: 17 жасында майданға аттанған Әлия Молдағұлова туралы қызықты деректер

Зеңбірекші

Аға сержант Геннадий Барыков соғысты атқыштар полкінде құрыш бұзушы ретінде қарсы алып, Орталық, Брянск және Оңтүстік-Батыс майданында соғысты, Курск бағытында неміс танктерін өртеп жіберді. 1941 жылы желтоқсанда ауыр жараланады.

Жауынгер денсаулығын түзеп, қайта даярлаудан өтті. 1943 жылдың шілдесінен бастап 753-ші атқыштар полкінің 76 миллиметрлік зеңбіректер батареясын басқарды. Ол жеңісті Шығыс Пруссияда қарсы алды.

1945 жылы 6 сәуірде Варген селосының маңында жаудың қорғанысын бұзу кезінде ол үш зениттік қару мен бес пулеметті жойып, жиырма шақты жауынгер өлтірді.

Ертеңінде Геннадий неміс танктерінің шабуылына қарсы шықты. Ұрыста пулеметші мен оқ салатын жауынгер ауыр жарақаттанды. Аға сержант жолдастарын ауыстырып, жалғыз өзі екі ауыр танк пен төрт 76 миллиметрлік зеңбіректі жойып жіберді. Ал оқ-дәрілер таусылғаннан кейін ол қолына қару алып, жаяу әскермен бірге шабуылға шықты.

Оқи отырыңыз: Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдинов жайлы не білеміз?

1945 жылы маусымда аға сержант Геннадий Барыковқа осы шайқас үшін Кеңес одағының батыры атағы берілді.

Жаяу әскер жауынгері

Гвардия аға лейтенанты Михаил Кузнецов Ұлы отан соғысының алғашқы күндерінен бастап жаумен шайқасты. Ол бірнеше жауынгерімен қоршалған Брест қамалынан таңғаларлық жағдайда босап шықты.

Ол 1941 жылдың тамыз айынан бастап Батыс майдандағы 537-ші атқыштар полкінің миномет ротасының саяси жетекшісі лауазымын атқарды. Қарашада Оңтүстік батыс майданындағы 622-ші атқыштар полкіне ауыстырылған Кузнецов өзін жақсы барлаушы ретінде көрсетті. Жау тылына түнгі рейдтерге барып, диверсия ұйымдастырып, тұтқындарды қолға түсірген. Желтоқсанда штабқа алтыншы «тілді» тапсырғаннан кейін, автоматшылар ротасының командирі болады.

1942 жылдың 20 қарашасында Кузнецовтың автоматшылары Средне-Царицынский қыстағына шабуыл кезінде ерекше көзге түсті. Рота фашистік колоннаның тылына байқатпай кіріп, артиллериялық дивизионның бүкіл жеке құрамын қырып салып, командирді штаттық құжаттар, 16 зеңбірек және 96 атпен қоса тұтқынға алады.

Оқи отырыңыз: 21 жасында Кеңес одағының батыры: Сағадат Нұрмағамбетов туралы мәлімет

Рейд мұнымен аяқталған жоқ. Кузнецов екі автоматшыны қолға түскен неміспен штабқа жібереді де, өзі артиллерияны пайдаланып, қыстақтағы фашистерге шабуыл жасауға шешім қабылдайды. Оның жауынгерлері зеңбіректерден жау бекіністеріне оқ жаудырып, оларды тез басып алды – немістер өз тылынан жасалған шабуылға дайын болмай шықты. Сөйтіп, автоматшылар 15 минут ішінде Средне-Царицынский қыстағын жаулап алды.

Осылайша олар жаудың жаяу әскер батальонын жойып, 27 зеңбірек, 196 ат, 27 қол пулеметі, төрт миномет, 17 автомат, жеті автокөлік пен оқ-дәрілер қоймасын қолға түсірді. Ал автоматшылар ротасы ешқандай шығын шеккен жоқ.

Осы шайқаста көрсеткен ерлігі үшін аға лейтенант Михаил Кузнецов 1943 жылдың ақпан айында» Кеңес одағының батыры» алтын жұлдызына ие болды. Марапат парағында атап көрсетілгендей, сол кезде офицер 88 фашисті өлтірді, майдан шегінен 64 «тілді» жеткізді және бес рет жараланған.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз