Көпқабатты үйдегі апаттан қаза тапқандар саны өсті

0

Ресейдің Магнитогорск қаласындағы көпқабатты үйдегі апаттан мерт болғандар саны жеті адамға жетті. Ондаған адам жоғалған. Бұл туралы Ресейдің төтенше жағдай министрлігі хабарлады.

31 желтоқсанда Магнитогорск қаласындағы он қабатты үйде газ жарылып, бір подъезд қираған. Министрлік есебінше, 26 пәтер қираған. Бұл пәтерде 46 адам тұрған.

Ресей президенті Владимир Путин апат болған күні Магнитогорск қаласына шұғыл жетіп, оқиғаға байланысты төтенше жағдай мамандарымен жиын өткізіп, газ жарылған үйге, қалалық ауруханаға барған.

Дереккөз: Азаттық

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз