Көпбалалы отбасыларға жалға берілетін тұрғын үйлер: бағасы, шарттары
Қысқа сілтеме алу
Бүгінде республика бойынша 31 725 көпбалалы отбасы баспана кезегінде тұр
НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Жуырда тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларды сатып алу құқығынсыз арендалық үймен қамтуға мүмкіндік беретін заң қабылданды. Енді, оған сәйкес, көпбалалы отбасылар өздері жеке пәтер сатып алғанша, мемлекет берген үйде қалаған уақытқа дейін тұра алады. Sputnik Қазақстан индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сауал жолдап, арендалық үйге қатысты көпті мазалаған сұрақтарға жауап алды.
Арендалық баспана деген не?
Сенат қабылдаған заңда «сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» ұғымы енгізілген. Яғни, көпбалалы отбасы мемлекеттен үйді жалға алады, бірақ ешқашан оны меншіктей алмайды. Ақша жинап, өз баспанасын сатып алғанға дейін сол арендалық үйде тұра береді.
«7-20-25» ипотекалық бағдарламасы: шарттары мен ережелері
Сатып алу құқынсыз жалға берілетін баспанамен «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар және көпбалалы отбасылар қамтылады.
Енді олар үшін жеке баспана кезегі жасалады. Қазір республика бойынша баспанаға мұқтаж 496 мың азамат кезекте тұр, соның ішінде көпбалалы отбасылар саны – 31 725.
Бір шаршы метрі – 115 теңге: сенат заңды қабылдады
Биыл көпбалалы отбасыларға арналған арендалық тұрғын үйдің құрылысына бюджеттен 50 миллиард теңге қарастырылған. Нәтижесінде осы жылы 6 мың отбасы қоныс тойын тойлайды деп жоспарлануда.
Жалдамалы үйде кімдер тұруға құқылы?
Мемлекеттен жалға алған пәтерде көпбалалы отбасының барлық мүшесі, яғни әке-шешесі, балалары тұрады. Сонымен қатар, ата-әжесінің де тұруға құқығы бар.
Мемлекеттен баспананы кімдер тегін алады?
Баспанаға мұқтаж азамат құзырлы мемлекеттік органға өтініш берген кезде, өзімен бірге әрдайым тұратын отбасы мүшелерін атап көрсетуі міндетті.
Балалар кәмелетке толып кетсе, әке-шеше не істейді?
Егер балалардың барлығы 18 жасқа толып, ол жанұя «көпбалалы отбасы» мәртебесінен айырылса, мемлекет үйді тартып алмайды. Жеке баспана сатып алғанша, тұра береді.
«7-20-25»: бір миллион теңге кімге және қалай берілетіні белгілі болды
Алыстағы ағайынды паналатуға бола ма?
Айталық, сіз қалада отбасыңызбен бірге мемлекеттен алған арендалық үйде тұрасыз. Жазғы демалыс кезінде ауылдан бір-екі айға қыдырып туған-туысқан келіп қалды. Олар сіздің үйде уақытша тұра ала ма деген орынды сұрақ туындайды.
Қазақстандықтарға 2%-тік ипотека беріледі: министрлік шарттарын түсіндірді
Заң бойынша, мемлекеттен баспананы жалға алған адам келісімшарт бекітпей-ақ, уақытша тұрғындарды кіргізуге құқылы. Сондықтан да, қыдырып келген ағайынды да, қалаға оқуға түскен жасты да үйімде паналатамын десеңіз, өз еркіңіз. Бірақ, үйді басқа біреуге жалға беріп, пайда табамын деп ойласаңыз, қатты қателесесіз. Ондай жағдайда үйден айырылып, далада қалуыңыз ғажап емес.
Көпбалалы отбасы қандай жағдайда баспанасынан айырылады?
- егер жалға беруші мен жалға алушы арасындағы келісімшарт бұзылса;
- үйді қасақана бүлдіріп, көршілер шағымданса;
- алты ай бойы пәтерақы мен коммунальдық төлемдерді төлемесе;
- пәтер дүкенге немесе қонақүйге қайта жабдықталса;
- егер отбасы басқа пәтер сатып алып, ал арендалық үйді жалға бергісі келсе, мемлекет бұған жол бермейді;
Арендалық үйді жалға алу құны қанша?
Әкімдіктер мемлекеттiк тұрғын үй қорынан баспананы пайдаланғаны үшiн төлемақы мөлшерiн есептеу әдістемесіне сәйкес белгiлейдi.
Қазіргі кезде сатып алу құқығынсыз жалға берілетін баспананың 1 шаршы метрінің пәтерақысы ай сайын 117-150 теңгені құрайды.
Жаңа бағдарлама: мамырдан бастап әскерилерге баспана алу жеңілдеді
Мәселен, жалпы аумағы 40 шаршы метр үй алсаңыз, айына шамамен 4680-6000 теңге аралығында пәтерақы төлеп тұрасыз.
Республика бойынша баға бірдей емес, ауылдарда бұдан да төмен болуы мүмкін.
sputniknews.kz