Көпбалалы отбасыларға 2%-тік ипотека мамырда беріле бастайды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Көпбалалы отбасыларға мамыр айының соңына қарай несие беріле бастайды

НҰР-СҰЛТАН, 24 сәуір – Sputnik. Көпбалалы тұрмысы төмен отбасыларға 2-3 проценттік жеңілдетілген ипотека мамыр айының соңына қарай беріле бастайды. Бұл туралы бүгін мәжілістің жалпы отырысында белгілі болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Осы жылдың ақпанында Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» жүйесі арқылы 2-3%-пен тұрғын үй несиесін алудың жеңілдетілген тетігін әзірлеуді тапсырған болатын. Жеңілдетілген ипотеканы көпбалалы және толық емес отбасылар, мүмкіндігі шектеулі балалары бар, кірісі төмен отбасылар ала алады.

Тағы оқыңыз: Көпбалалы отбасыларға жәрдемақы: министрлік сынға жауап берді

Бүгін тұрғын үй қатынастары туралы заң жобасын қарау кезінде мәжіліс депутаттары ТҚЖБ өкілінен 2%-пен баспана қарызын алудың шарттары мен мерзімін сұрады.

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Жанар Жұбаниязова қазіргі уақытта қаржылық-экономикалық негіздеме жасалғанын атап өтті.

«Қазір ол экономикалық сараптамадан өтіп жатыр. Содан кейін қайтадан мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығына енгіземіз. Ұлттық экономика министрлігі мақұлдағаннан кейін, барлық тиісті құжатты рәсімдейміз», – дейді ол.

Жұбаниязова әкімдіктер тізімде тұрғандар аясында көпбалалы аналардың және мүгедек балалары бар отбасылардың екі проценттік несиемен баспана алу мүмкіндігі бойынша Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне жолдама береді.

Тағы оқыңыз: Көпбалалы отбасылар баспана алу үшін жеке кезекке тұрады

«Сол жолдама бойынша осы отбасылар біздің банктен кредит алу мүмкіндігіне ие болады. Біздің ойымызша, мамыр айының соңына қарай несие беруді бастаймыз», – деді ол.

Айта кетсек, бүгін мәжіліс көпбалалы аналар мен көпбалалы отбасыларды жеке кезекке шығарып, мемлекеттік тұрғын үй қорынан бірінші кезекте баспана алуға мүмкіндік беретін заң жобасын мақұлдап, сенатқа жіберді.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз