Көпбалалы отбасылар жаңа жәрдемақы ала бастады

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Министр Нұрымбетовтың айтуынша, жаңа жәрдемақының басты ерекшелігі — оның табысына қарамастан төленуі

НҰР-СҰЛТАН, 8 қаңтар – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов жаңа жәрдемақы төлене бастағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Биылғы негізгі өзгерістердің бірі — көпбалалы жанұяларға бөлек жәрдемақының енгізілуі. Себебі біздің атаулы әлеуметтік көмекті алып жүрген отбасылардың басым бөлігі – көпбалалы жанұялар. Сондықтан олар үшін атаулы әлеуметтік көмектің бір бөлігін бөлек жәрдемақы ретінде шығарғанды жөн көрдік», — деді Нұрымбетов астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша, жаңа жәрдемақының басты ерекшелігі сол, ол табысына қарамастан төленеді. Жәрдемақы бала санына қарай ай сайын төленеді. Биыл осы жәрдемақыға республикалық бюджеттен 177 миллиард теңге қарастырылған.

«Қаңтар айында 367 мың көпбалалы жанұяға осы жәрдемақы тағайындалып, қазіргі кезде ол кісілер өздерінің есепшоттарына жәрдемақыны алып жатыр», — деп атап көрсетті Нұрымбетов.

Жаңа жәрдемақыны төлеу тәртібі:

  • 4 балаға — 42 496 теңге;
  • 5 балаға – 53 127 теңге;
  • 6 балаға – 63 757;
  • 7 және одан көп балаға – 74 388.

Тағы оқыңыз: Тоқаев Ахметовке көпбалалы отбасыларға қатысты тапсырма берді

 



sputniknews.kz