көпбалалы аналардың проблемасын заңға сәйкес шешу қажет
Қысқа сілтеме алу
Көпбалалы аналардың проблемасы бүгін Нұр-Сұлтанда жұмыс тобының аясында қаралады
НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда көпбалалы аналардың проблемасын қалай шешетінін айтты.
Тоқаев тwitter-аккаунтында өзінің тапсырмасы бойынша президент әкімшілігінің басшысы Бақытжан Сағынтаев пен үкімет мүшелері көпбалалы аналармен кездескенін хабарлады. Көтерілген мәселелер бүгін, 4 маусымда жұмыс тобының аясында қаралады.
«Проблемаларды заңға сәйкес, іскерлік жағдайда шешу қажет», — деп жазды президент.
Бұған дейін мемлекет басшысы атаулы әлеуметтік көмек алу үшін көпбалалы ата-аналардың ажырасуы жиілеп кетуіне алаңдаушылық білдіріп, алаяқтықты тоқтатуға тапсырма берген еді.
Көпбалалы отбасыларға қандай көмек көрсетіледі
Қазақстанда көпбалалы отбасылардың проблемасы Нұр-Сұлтанда бес қыз өртеніп кеткеннен соң көтерілді. Осы трагедиядан кейін үкімет көпбалалы отбасыларды әлеуметтік қолдауды қайта қарап, жалға берілетін тұрғын үйді алуға жеңілдіктер мен жаңа мүмкіндіктер енгізді. Сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмектің көлемі айтарлықтай артты.
sputniknews.kz