«Көп жылдар бойы енесі мен күйеуі ұрып келген»: экс-судья Айгүл Сайлыбаеваны бауырлары іздеп, таппай жатыр

0

Айгүл Сайлыбаева күйеуі мен енесінің ұратыны туралы тек құрбыларына айтқан. Германиядағы “Болашақ” түлегі, бұрынғы судья Айгүл Сайлыбаева бірнеше күннен бері хабар-ошарсыз кеткен. Бұл туралы Kyn.kz жазды.

Астанадағы Сарыарқа ауданының бұрынғы судьясының ағасы Қанат Сайлыбаевтың айтуынша, ол жылдар бойы күйеуі Александр Донцов пен енесінен қорлық көріп келеді. Айгүл отбасылық зорлық-зомбылық туралы тек құрбыларына ғана айтқан.

“Құрбыларына күйеуі мен енесі оны ұзақ жылдар бойы ұратынын және қылқындырғанын да айтыпты. Айгүлге кқп нәрсе жасауға тосқауыл болған. Тіпті көшеге жалғыз шыға алмайды екен. Александр оның бар құжатын, ақшасын тартып алған. Бұл туралы біз мүлдем білмедік. Қазір жағдайы қалай екенін де білмейміз, телефоны сөндірулі тұр. Ештеңе айтпастан жоқ болып кететін адам емес. Бірнәрсе болса анама, маған немесе құрбыларына айтушы еді. Тіпті полицияға хабарласатын”, — дейді ағасы.

Айгүл Сайлыбаевтың туыстары Франкфурттағы Қазақстан елшілігіне байланысқа шыққан.