Көп жұмыс істеген әйелдің беті қисайып қалды — Қазақстан жаңалықтары

0

Ұлыбритания тұрғыны бет нервтерінің салдануына шалдыққан. Арада біраз уақыт өткеннен кейін ол толықтай сауықты. Әйел өзінің дертін көп жұмыс істегенімен байланыстырады.

Көп жұмыс істеген әйелдің беті қисайып қалды

Бұл туралы Metro басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды. 

Эми Грин ұйқыға жатар кезінде басы қатты ауырып, тілі жансызданып қалғанын сезген. Алайда ол мұны қатты шаршағанымен байланыстырыптыү 36 жастағы әйел таңертең тұрғанда беті салданып қалған. Ауруханадағы дәрігерлер оған Белла сал ауру диагнозын қойыпты.

Дәрігер оған түстен кейін қайтадан келуі керектігін айтқан. Сол кезде Гриннің ауру енді ғана дамып жатқан екен. Әйел өзін біраз жақсы сезініп, жұмысына кетіп қалады. Арада бірнеше сағат өткеннен кейін оның сөздерін ешкім түсіне алмай қалған. Ал оң жақ бетінің бұлшық еттері әлсізденіп, қатып қалған.

«Өзімді мас адам сияқты сезіндім. Екі сөздің басын қоса алмадым», — дейді ол.

Артынша Грин шұғыл медициналық көмек бөліміне барады. Дәрігерлер оның дерті 6-санаттың бесіншісіне жеткенін анықтапты. Пациентке стериодтардың 9 күндік курс тағайындалған. Алайда дәрігерлер оның қашан толықтай сауығатынын айта алмайтынын түсіндіреді.

Грин бұрын көп қимылдап, демалмастан жұмыс істегенін айтады. Болжам бойынша, оның дертіне нервке қатты күш түсуі және күйзеліс себеп болған. 

Әйелге дертінен құлан-таза айығу үшін 2 жыл керек болыпты. Қазіргі уақытта оның денсаулығы 95 пайызға қалпына келген. Алайда кейде бетінің бұлшық еттерін басқару мүмкін болмай қалады екен.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз

stan.kz