«Көп ойланамын»: Рим папасы Шыңжаңдағы ұйғыр халқына алаңдаушылық білдірді
Рим папасы Франциск ұйғырларды қуғынға тап болған ел деп атады. Католик шіркеуінің басшысы бұл туралы алғашқы жолы Қытайдың Шыңжаң аймағында азшылық өкілдерінің құқықтары бұзылып жатқаны бойынша хабарлар таратып жатқан кезде мәлімдеді.
«Мен қуғынға тап болған рохинжа, байғұс ұйғырлар, йезиддер жөнінде көп ойланам» деп айтылған понтификтің «Келіңдер, армандайық: жарқын болашаққа қарай» атты кітабында. Кітап 23 қарашада басылып шықты.
Осыған дейін папа Мьянмадағы рохинжа азшылығының репрессияға тап болғаны, Ирактағы йезиддердің «Ислам мемлекеті» террорлық ұйым тарабынан өлтіріліп жатқаны жөнінде айтып келген, бірақ ұйғырларды азап шегуші халық ретінде айтқан емес.
Шыңжаң аймағында ұйғырлар, қазақтар және қырғыздар сияқты жергілікті мұсылман халықтың жүз мыңдаған өкілдері лагерлерде негізсіз қамалып жатқаны 2017 жылдан бері айтылып келеді.