Контрабандалық заттар табылды — Аймақ|05 Желтоқсан 2018, 12:49

0
05 Желтоқсан 2018, 12:49 375 0

Астана, BAQ.KZ. Сарыағаш шекара отрядының «Сарыағаш-теміржол» өткізу бөлімшесінде шекарашылар «Новосібір — Тәшкент» бағытымен қатынайтын № 370 пойызды тексеру барысында рұқсат құжаттарынсыз дәрі-дәрмек өнімдері тәркіленді. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қызметтік иттің көмегімен вагондардың бірінен, жасырын әкетіліп бара жатқан ірі көлемді (18 түрлі, барлығы 2000 данадан аса), ешқандай рұқсат құжаттарынсыз дәрі-дәрмек өнімдерін, 582 дана газ есептегіш құралдарын, 500-ге жуық қытай пиротехникасын және 10 қорап пилорама лентасын тапты. Күдікті ретінде 1990 жылы туған Өзбекстан азаматы ұсталды (вагон жолсерігі). Тәркіленген заттар актіленіп, Сарыағаш аудандық Мемлекеттік кіріс департаменті қызметкерлеріне тапсырылды.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:

Дереккөз: BAQ.KZ