Конституциялық Кеңес Қазақстан Президентінің өтінішіне қатысты шешім шығарды

0

Конституциялық Кеңес Конституция 42-бабының 3-тармағындағы «сондай-ақ Президент қызметінен мерзімінен бұрын босатылған…жағдайда…» деген сөз тіркесі оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатудың негізі ретінде Мемлекет басшысының отставкаға шығуын да қамтиды деп есептейді.

15 ақпанда Конституциялық Кеңес Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өтініші бойынша қабылдаған Республика Конституциясы 42-бабының 3-тармағын ресми түсіндіру туралы нормативтік қаулысын жария етті, деп хабарлайды Zakon.kz Кеңестің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осыған дейін хабарланғандай, Мемлекет басшысының өтінішінде Конституцияның 42-бабының 3-тармағында белгіленген Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату негіздерінің тізбесі толық болып табылады ма, деген сұрақ қойылған болатын.

Конституциялық Кеңес аталған нормада Президенттің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату негіздері толық емес деп түсіндірді.

«Кеңестің пікірінше, Негізгі Заңнан Мемлекет басшысының отставкаға шығу құқығы туындайды. Аталған құқық президенттік басқару нысаны мен Республика Президентінің конституциялық мәртебесінің элементі болып табылады. Ол адам әрі Қазақстан азаматы ретінде Президентке тиесілі және әр тұлғаның конституциялық құқықтарын, соның ішінде еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығын бекітетін Конституцияның басқа да ережелерінен туындайды (13-баптың 1-тармағы, 24-баптың 1-тармағы және т.б.)», -делінген хабарламада.

Конституциялық Кеңес Конституция 42-бабының 3-тармағындағы «сондай-ақ Президент қызметінен мерзімінен бұрын босатылған…жағдайда…» деген сөз тіркесі оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатудың негізі ретінде Мемлекет басшысының отставкаға шығуын да қамтиды деп есептейді.

Нормативтік қаулының толық мәтіні баспасөзде жарияланады.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!



Zakon.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз