Конституция күніне орай ұйымдастырылған концертте жүзден астам бала жоғалып кеткен
Атырауда Конституция күні мен мұнай компаниясының мерейтойына орай ұйымдастырылған концертте жүзден астам бала жоғалып кеткен, — деп хабарлайды Kznews.kz ақпарат порталы Time.kz сайтына сілтеме жасай отырып.
Бес сағаттық шоу қаланың басты алаңында өтті. Жергілікті тұрғындар отандық эстрада жұлдыздарының келуіне қуанышты болған. Алайда кейбір ата-аналар балалары туралы ұмытып кеткен сияқты.
Ұйымдастырушылардың ақпараты бойынша, алаңға 15 мыңнан астам адам жиналды. Қала тұрғындары атап өткендей, концерт барысында ұялы байланыс тоқтап қалғадықтан ата-аналар жоғалған балаларын таба алмапты.
— Қалалық полиция басқармасының қызметкерлері қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын қамтамасыз ету мақсатында сағат 19.00-ден түн ортасына дейін жұмыс істеді. Оларға балалардың жоғалғаны туралы 120-ға жуық өтініш келіп түсті, — деп хабарлады полиция департаментінен.
Бақытымызға орай, барлық балалар табылып, жақындарымен қауышқан.
Бірақ, қоғам белсендісі Әсия Құлжанованың айтуынша, концерт өте төмен деңгейде ұйымдастырылған.
— Егер бірдеңе ұйымдастырылса, онда сіз бәріне мұқият және жауапты болуыңыз керек. Әртістер тамаша, ал ұйымдастырылуы мен өткізілуі нөлге тең, — деп атап өтті “Красный полумесяц” қоғамының жергілікті филиалының көшбасшысы.
Фото: tengrinews.kz