Конькиден Алматы қаласының біріншілігі аяқталды
Қыздар арасында жасы үлкендер тобында Екатерина Козлова, Лиза Воднева жəне Роза Мұратова үздік үштіктің қатарынан көрінсе, ұлдар сайысында жеңіс тұғырына түгелдей танымал бапкерлер Владимир Лебедев пен Александр Гончаровтың шəкіріттері – Роман Ткаченко, Ростислав Федотов жəне Диас Нұрланов көтерілді.
Қыздар арасында жасы кішілер тобында ең үздік нəтижеге Ева Баслерова қол жеткізсе, екінші жəне үшінші орындарды Анастасия Верткова мен Ситора Құрбанова иеленді. Ұлдар бəсекесінде Ғалым Рақымов топ жарса, Давид Қадыров жəне Едіге Садық жүлделі орындарды еншіледі.
Орта жастағылар тобындағы ұлдардың бəсекесінде Михаил Глущенко, Асқар Əбдумəлік жəне Əбғапар Бек, ал қыздар сайысында Юлия Минчакова, Диана Лебедева жəне Нигара Мұратова жеңіс тұғырына көтерілді.
Бастауыш тобындағы қыздар тартысында Ксения Пилипцева, Александра Швидкова, Лолита Меркулованың мерейі үстем болса, ұлдар сайысында Əлихан Медет, Георгий Нам жəне Глеб Терентьев сынды конькишілер жеңіс тойын тойлады.
Ғалым СҮЛЕЙМЕН,
«Егемен Қазақстан».
АЛМАТЫ
Дереккөз: http://egemen.kz/