«Көңілдің асыл пернесі» байқау аяқталды

0

Фото: Автор

Астана. BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Назарбаев орталығында Қазақстан Респубикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Көңілдің асыл пернесі: Н.Ә. Назарбаевтың ән шығармашылығы» ІІ Республикалық шығармашылық байқауының жеңімпаздары анықталды.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы және М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайы бәрлесіп ұйымдастырылған жоба ұлттық дәстүрлерді сақтауға және «Мәңгілік Ел» патриоттық идеясының негізінде жеке тұлғаны рухани тұрғыдан дамытуға бағытталған.

«Бұл жобаның арқасында Мемлекет басшысының әр қазақстандыққа таныс «Жерім менің», «Үшқоңыр», «Елім менің» авторлық әндері басқа қырынан танылды. Олар халықтың рухани құндылықтарын, оның ұмтылысын, Отанға деген махаббатын және тарих пен дәстүрге деген ерекше сеземін байқатады», — деді өзінің құттықтау сөзінде Тұңғыш Президент Қорының атқарушы директоры Қанат Жұмабаев .

Жалпыға таныс әндерді орындаудағы шеберлігін 12 мен 17 жас аралығындағы жастар танытты. Биыл елдің түкпір-түкпірінен 150 өтінім келіп түскен. Оның 42-сі ақтық сынға жетті. Әр қатысушы өзінің ән орындау стилімен ерекшеленді.

«Бірнеше жыл ішінде көңілдің асыл пернесі Елбасының шығармашылығын оқушылардың орындауында есту мен үшін үлкен қуаныш. Тұңғыш президент күніне арналып отырған бұл іс-шараны Республикалық деңгейден жоғары халықарлық деңгейде өткенін қалаймын. Қазақ халқы кең даланың арқасында өте талантты. Оны бар әлем білгені дұрыс деп есептеймін. Бұл шаралар президентті мақтау, мадақтау ғана емес, бұкіл қазақ халқын, соның ішінде жастардың талантын мадақтау болып табылады. Сондықтан әрі қарай шыңнан шыңға қарай аса беру керек. Себебі біздің кең далада таланттар жеткілікті, сол жастарды елге танытуға осындай байқаулар керек. Жастар еліміздің келешегі, оларға жан-жақты қолдау көрсету біздің міндетіміз», — дейді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Кеңес Дүйсекеев.

Әділқазылар алқасы «Бабамнан калған кең дала» (Н. Ә. Назарбаевтың сөздеріне жазылған әндер), «Біздің сүйікті Президентіміздің әндері толқынында» (Мемлекет басшысының сүйікті әндері) номинациялары бойынша мықтыны анықтады.

Биылғы жылы байқауға «Қасиетті домбыра» атты жаңа номинация енгізілді. Қазақ халқы үшін оның орны ерек. Өйткені ұлт болмысын, дәстүрін және өнерін бүгінгі күнге жеткізген де осы қара домбыра. Биыл Президенттің Жарлығымен Домбыра күні белгіленді.

Үш номинациядан өзге үздік орындаушыға гран-при табысталды.

Жеңімпаздар ретінде:

– «Бабамнан калған кең дала» номинациясы бойынша – Павлодар облысы Ақсу қаласынан «Мерей» тобы;
– «Біздің сүйікті Президентіміздің әндері толқынында» — Алматы қаласынан Әдия Әбдіқадыр, Астана қаласынан «Жұлдызай» тобы, Сәтпаев қаласынан Назира Ибрагимова;
– «Қасиетті домбыра» номинациясында Орал қаласынан Жасмина Палат, Айнара Мусина, Сабина Джумагельдинова триосы және Астана қаласынан Бекарыс Байбөрінов танылды.

«Елбасының Сүйікті әндері», 12-14 жас аралығында

3 орын иегері – Ғизатова Шырын, Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы;
3 орын иегері – Ткаченко Виолетта, Астана қаласы.
2 орын иегері – Муратов Айдар, Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы;
2 орын иегері – Құдайбергенова Медея, Ақмола облысы, Бұлан ауданы.
1 орын иегері – Абдуқадір Адия, Алматы қаласы;
1 орын иегері – «Жұлдызай» вокалдық тобы, Астана қаласы

«Елбасының Сүйікті әндері», 15-17 жас аралығында

3.орын иегері – Мендалиев Дамилхан, Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы;
3. орын иегері – Баткенова Мереке, Қарағанды қаласы
2 орын иегері – Тасқалиев Оразали, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы;
2 орын иегері – Скнарина Полина, Астана қаласы
1 орын иегері – Ибрагимова Нариза, Сатпаев қаласы

«Бабамнан қалған кең дала»

3 орын иегері – Серікбай Айгерім, Қызылорда қаласы
2 орын иегері – Бекжан Назарбек, Астана қаласы
1 орын иегері – «Мерей» вокалдық тобы, Павлодар облысы, Ақсу қаласы

Байқау гран-приін Анель Оразбаева жеңіп алды. Ол Н.Ә. Назарбаевтың сөзіне жазылған «Город мой» әнін асқан шеберлікпен орындап шықты.

Жеңімпаздарға дипломдар мен музыкалық аспаптар алуға арналған сертификаттар табысталды.

Фото: Автор














Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ